$ 494.87  520.65  4.91

Бомба қойылған: Петропавл ауруханаларының бірінде науқастар шұғыл эвакуацияланды

Петропавлда мина қойылды деген қоңыраудан кейін облыстық аурухананың науқастарын шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көпсалалы облыстық аурухананың мәліметінше, 15 сәуір түс кезінде аурухана зертханасына белгісіз біреу телефон шалып, бомба бар екені туралы мәлімдеген. 

"Аурухана әкімшілігі арнайы қызметтермен бірлесіп ғимараттан 250-ден астам науқас пен қызметкерді шығарды. Науқастардың жағдайына қарай оларды емхананың акт залы мен хирургиялық корпус ғимаратына уақытша орналастырды. Ауыр пациенттер хирургия бөлімшесі мен созылмалы гемодиализ және нефрология бөлімшесіне жатқызылды", - деді ауруханадағылар.

Барлық пациентке толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар аурухана эвакуацияланғандарды жүрек жалғау үшін азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз етті.

Тексеріс нәтижесінде ауруханадан күдікті хаттар анықталмады. Пациенттер палатасына, ал қызметкерлер жұмыс орнына оралды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары