$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің биіктігі 4,8 метр, қола және граниттен жасалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ескерткіш көрнекті опера және эстрада әншісінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 4,8 метр, қола және граниттен жасалған.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Ескерткішті қала әкімі Ерболат Досаев, Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов пен Асанәлі Әшімов ашты.

Қонақтардың арасында Алтынбек Қоразбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Нұрлан Оразалин, Әлібек Дінішев және өзге де қонақтар, қала тұрғындары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары