Көпсалалы облыстық аурухананың мәліметінше, 15 сәуір түс кезінде аурухана зертханасына белгісіз біреу телефон шалып, бомба бар екені туралы мәлімдеген.
"Аурухана әкімшілігі арнайы қызметтермен бірлесіп ғимараттан 250-ден астам науқас пен қызметкерді шығарды. Науқастардың жағдайына қарай оларды емхананың акт залы мен хирургиялық корпус ғимаратына уақытша орналастырды. Ауыр пациенттер хирургия бөлімшесі мен созылмалы гемодиализ және нефрология бөлімшесіне жатқызылды", - деді ауруханадағылар.
Барлық пациентке толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар аурухана эвакуацияланғандарды жүрек жалғау үшін азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз етті.
Тексеріс нәтижесінде ауруханадан күдікті хаттар анықталмады. Пациенттер палатасына, ал қызметкерлер жұмыс орнына оралды. Ешкім зардап шеккен жоқ.