$ 494.87  520.65  4.91

Белгісіз біреу сауда орталығында адамдарға оқ жаудырды

Полиция сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялап, қылмыс болған жерді тексеріп жатқанын айтты.

Сенбі, 16 сәуірде Американың Колумбия қаласындағы (Оңтүстік Каролина) сауда орталығының аумағында атыс болды, бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті полицияның мәліметінше, белгісіз біреу Пасха күні Колумбия орталығының ғимаратында оқ жаудырған.

"Осы оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын растаймыз", - деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері Twitter-дегі парақшасында.

Жараланғандардың жарақатының ауырлығын бағалау әлі қиын. Зардап шеккендердің нақты саны, атысты кімдер ұйымдастырғаны туралы ақпарат айту әлі де қиын.

Полиция сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялап, қылмыс болған жерді тексеріп жатқанын айтты. Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары