$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылда ажырасқан келіншек қыз жасауындағы мүлкін қайтару үшін сотқа арызданды

Күйеу жігіттің туыстарының қыз жасауын қайтарудан бас тартуынан кейін қалыңдық аталған мүлікті қайтарып алу үшін сотқа жүгінген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысына қарасты Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны сотқа қыз жасауындағы мүлкін қайтарып алу талабымен жүгінген. Бұл туралы  Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

2021 жылдың маусым айында талап қоюшы жауапкермен мұсылмандық некеге тұрған. Тойдан кейін қалыңдықтың туыстары дәстүр бойынша қыз жасауын сыйлаған. Алайда отбасында орын алған түсініспеушіліктің салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасқан. Күйеу жігіттің туыстарының қыз жасауын қайтарудан бас тартуынан кейін қалыңдық аталған мүлікті қайтарып алу үшін сотқа жүгінген.

 «Істі қарау барысында сот медиациясын жүргізу жолымен тараптар дауды бітімгерлікпен шешу туралы келісім жасады. Оның шартына сәйкес, жауапкерлер 14 сәуірге дейін талап қоюшыға тізімге сәйкес қыз жасауын өз еркімен қайтаруға міндеттенді. Ал талап қоюшы белгіленген мерзімде мүлікті тиеп, әкетуге тиіс», - деп хабарлады Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот екі тарапқа медиативтік келісімді бекіту мен істі тоқтату салдарын түсіндірді. Медиатив келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары