$ 444.32  473.33  4.76

Шерхан Мұртаза тұрған үй музейге айналатын болды

Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралуда.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйі музейге айналатынын айтты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 Мәслихат депутаттарымен кездесуде бірқатар мәселе көтеріліп, депутаттар ой-ұсыныстарын жеткізді. Ерболат Саурықов ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесінің салдарынан жолдардың бүлініп жатқандығын, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын кең көлемде атап өту, облыс орталығынан көше атын беру секілді мәселелерді көтерді. Өзге де халық қалаулылары әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларындағы мәселелерге назар аудартты.

Облыс әкімі көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар ескерілетінін жеткізді. Соның ішінде Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өту үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын, тұлғаның Жуалыда өзі тұрған үйінде музейі ашылатынын атап өтті. Бұдан бөлек өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген. Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары