$ 498.34  519.72  4.85

Прокурорлық тексерістен кейін кейбір коммуналдық тарифтер арзандады

Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16%, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31%-ға төмендеді.

Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф - 2,16 %, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31% төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының прокуратурасы мен монополияға қарсы департамент "Aqtobe su–energy group" АҚ жұмысын тексеріп, бірқатар бұзушылықтарды анықтаған.

Хабарламада айтылғандай, монополист 892 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтау, су тарту және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін 1 қаңтардан бастап бір жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16%, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31%-ға төмендеді.

Тұтынушыларға төмендетілген тарифтерді ескере отырып шоттар жолданатын болады. "Aqtobe su-energy group" АҚ-ға 9,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары