18.04.2022, 09:40

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті

Фото: Куәгерлерден
Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі Алматыдан Шымкентке бара жатқан.

Түркістан облысының Сайрам ауданында Самара – Шымкент тасжолында минивэн мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады Otyrar.kz.

Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі Алматыдан Шымкентке бара жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, минивэн жүргізушісі қашықтықты сақтамай, рөлде ұйықтап кетіп, HOWO маркалы жүк көлігімен соқтығысқан болуы мүмкін.