Түркияның Ыстанбұл қаласындағы аудандардың біріндегі ғимараттардың жерасты кабельдік құрылғысы жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оқиға болған жерден тұрғындар эвакуациялануда.
"Бейоғлыда жерасты кабель құрылғысы жарылды. Түтін шығып жатқандықтан адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде", – деп жазылған ресми хабарламада.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін Гонконг жағалауында Chuang Yi мұнай танкері жарылғаны белгілі болды. Оқиға 16 сәуірде Гонконгтан шығысқа қарай 300 шақырым жерде орын алды. Оның салдарынан бір адам қайтыс болып, экипаждың алты мүшесі түрлі деңгейде жарақат алды. Апат болған жерге зардап шеккендерді эвакуациялау үшін Қытайдың Мемлекеттік ұшу қызметінің екі тікұшағы жіберілді. Жарылыстыі неден болғаны белгісіз.