19.04.2022, 11:40

Шавкат Рахмонов UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты

Фото: ашық дереккөз
Келісімшарт бірнеше жекпе-жекке арналған, бірақ қаржылық мәліметтер әлі белгісіз.

Қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Бұл туралы Рахмонов өзінің Twitter парақшасында жазды. Келісімшарт бірнеше жекпе-жекке арналған, бірақ қаржылық мәліметтер әлі белгісіз. 

Рахмонов UFC турниріндегі соңғы жекпе-жегін 5 ақпанда Карлстон Харриске қарсы өткізген еді (17-5). Отандасымыз бұл жекпе-жекте бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жеткен.

Жазда Шавкат Рахмонов «Гаити сенсациясы» деген атпен танылған америкалық Нил Магнимен (26-8) жұдырықтасуы керек.