Алматы облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың әрқайсына 20 мен 100 доллар аралығында ақша төленген. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту мақсатында тергеу белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мәселен, Алматы облысына қарасты Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен О. және Н. есімді азаматтар анықталған.
«Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталып, тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген тұлғалардан жауап алу кезінде расталды», - деді спикер.
Аталған деректер фактілер тергеу барысында анықталып, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдікке ілінген адамдардан жауап алумен расталған.