$ 448.56  478.03  4.79

Каспий құбыр желісіндегі апаттан еліміз 100-150 млрд теңге жоғалтқан

Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде. 
Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазіргі таңда  нақты шығын соммасын айту мүмкін емес. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, осы мәселелерге байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жойылса, әрине шығын да  аз болады", - деді мәлімдеді Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұнай #Каспий