Алматы полицейлері ақша айырбастау пунктінің клиенттеріне жасалған тонау оқиғасын әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу-4 шағын ауданындағы ақша айырбастау пунктінде қарақшылық шабуыл жасалды.
«Белгісіз біреулер валюта айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың рюкзактары бос болған. Бірақ шабуылдаушы басқаша ойласа керек. Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Абырой болғанда, ерлі-зайыптылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Қазір ол Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасуда», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.