$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 8 жастағы бала бір түн адасып жүрген

Анасының айтуынша, сағат 14:00-де сегіз жастағы баласы үйдің ауласында ойнап жүріп, біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

18 сәуірде Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына ұлының жоғалғаны туралы айтып, жергілікті тұрғын хабарласты. Анасының айтуынша, сағат 14:00-де сегіз жастағы баласы үйдің ауласында ойнап жүріп, біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасы баланы өздері іздеп таппағаннан кейін, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Баланың жүрген жерін анықтау мақсатында Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағдар жіберілді.

Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды аралап, көршілерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде, учаскелік инспекторлар жоғалған баланы 19 сәуір күні сағат 07:00-де жергілікті сантехника базарының аумағынан аман-есен тапты.

Баланың үйінен алыстап кетіп, адасып қалғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ІІО-ның есебіне алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары