20.04.2022, 09:40

Қызылордалық әйел өз баласын көшеге тастап, полицияға «тауып алғанын» хабарлаған

Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.

Қызылордада әйел полицияға көшеден нәресте тауып алғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде, сәбидің анасы сол әйел болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19:30-да Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің маңында жаңа туған баланы табу дерегі бойынша ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"Полиция баланы тапқан ауыл тұрғыны сәбидің анасы екенін анықтады. Өзі босанып, полицияға "тауып алдым" деп жалған ақпарат берді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.

"Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді полицейлер.