$ 494.87  520.65  4.91

Алматы зообағындағы шимпанзе тордан қашып шығып бір баланы жарақаттады

Шимпанзе бақ ішінде жүгіріп келе жатып әйел мен арбада отырған кішкентай баланы итеріп жіберген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

19 сәуір күні сағат 16:21-де Алматы зообағында келеңсіз жағдай болды. «Приматтар» бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде торды бұзып, вольерден шығып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Шимпанзе бақ ішінде жүгіріп келе жатып әйел мен арбада отырған кішкентай баланы итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері тез арада алғашқы көмекті көрсетті. Жедел жәрдем де шақырылды. Баланың денсаулығына қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері шимпанзе тордан шыққанда күйзеліске түсті деп отыр.

Шимпанзе аумағынан бөлектеніп қалғандықтан стресске түскен. Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажет медициналық көмекті беруге дайын, – деп хабарланды Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.

Хайуанаттар бағының мамандары жануарлардың қашуы сирек орын алатын жағдай емес екенін еске салды. Кейде осыған ұқсас оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады.

Бір-біріміздге қамқор болып, аман жүрейік! – деп жазды зообақтың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Алматы хайуанаттар бағына қала тұрғындары ойыншықтар сыйлады. Бақ қызметкерлері ойыншықтарды жануарларға үлестіріп, таратты. Содан соң қызметкерлер әлеуметтік желіде жануарлардың жаңа ойыншықпен ойнап жатқан сәтінен видео бөлісті. Сонымен қатар зообақта жақында кенгуру дүниеге келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары