$ 446.49  475.38  4.79

Танымал вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды (ВИДЕО)

Оларға Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ашып, халықты алдады деген айып тағылып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

Оларға Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ашып, халықты алдады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қаржы пирамидасы ісіне қатысты тағы үш күдікті анықталды. Олар – Mudarabah Capital серіктестігінің мүшелері, сот шешімімен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған Ш. және Т. есімді азаматтар. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу кезеңінде үйқамақта болған М. және К. есімді азаматтар да қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Танымал үш вайнерге бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Осы оқиғаға байланысты Мейіржан Төребаев өз пікірін білдірді. Видео Telegram-дағы НЕХабар арнасында жарияланды.

Тағы оқыңыз: «Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасынан тұрақты түрде ақша алып отырған» – прокурор

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары