Елордадағы Ішкі істер министрлігі ғимараты жанында өз-өзін өртеп жіберген әйел мәлімдеме жасады деп жазды turkystan.kz.
Бағила Досмайылова болған істің мән-жайын түсіндірмек мақсатпен өзінің Instagram-дағы парақшасында бейнежазба жариялады. Айтуынша, ол осыған дейін блогерлерді кінәлаған жазбасын парақшасынан алып тастаған. Себебі Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оған жалған ақпарат беріп, нағыз қылмыскерлердің атын жасырып отыр.
«Мен Әбдірахманов мырзаның адамгершілігі мен әділдігіне сеніп қалдым. Алайда ол менен іске қатысы бар негізгі айыпталушыларды жасырып қалғысы келген. Бастапқыда істі әділ қараймыз деп, кейіннен «Сен ешкім емессің! Сенің қолыңнан түк келмейді!» деген соң, өз-өзімді өртеуге мәжбүр болдым», – дейді ол.