20.04.2022, 12:00

Алматыда сот қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Мемлекеттік қызметкер осы жылдың 18 сәуірінде ұсталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп Әуезов ауданындағы №2 аудандық соттың қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мемлекеттік қызметкер осы жылдың 18 сәуірінде ұсталды", - делінген Алматы қалалық сотының Facebook-тегі хабарламасында.

Ол пара алды деген күдікке ілінген.

“Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу органы тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды”, – деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.