$ 494.87  520.65  4.91

Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармацияға» 20 млрд теңге қарыз болып қалды

2021 жылы Pfizer вакцинасы «СҚ-Фармация» қаражатына сатып алынды. Ізінше Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға міндеттеліп отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» компаниясына қарыз болып қалды. 2021 жылы Pfizer вакцинасы «СҚ-Фармация» қаражатына сатып алынды. Ізінше Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға міндеттеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қаражат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Парламент Мәжілісінің отырысында бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға «СҚ-фармациядан» қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда "СК-Фармация" алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды", – деп түсіндірді Ғиният.

2021 жылы Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.с

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары