21.04.2022, 00:18

«Мектептерде жеңіс күніне арналған жиын өтпейді» – министрлік

Фото: ашық дереккөз
Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

Биыл мектептерде 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізу жоспары жоқ деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», – дейді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, таяуда Қорғаныс министрілігі биыл Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлады.