Қазақстан аумағында 41 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссияның таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласынан - 4, Шымкент қаласынан - 27, Атырау облысынан - 4, Шығыс Қазақстан облысынан - 1, Батыс Қазақстан облысынан - 1, Қарағанды облысынан - 1, Қостанай облысынан 3 азамат сырқаттан айығып, үйлеріне оралған. «Елімізде барлығы 1 290 945 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты», - деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.