Оңтүстүік Қазақстан облысында 11 сыныптың оқушысы бір айдан бері жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр. Ол өз үйінде тұздалып, қысқа сақталған тағамдардың бірін жеген деп жазады Otyrar.kz.
Басымылмның хабарлауынша, өңірде ботулизм ауруын жұқтырғандар саны соңғы уақытта артып кеткен. Соңғы бірнеше айдың өзінде осынау қауіпті дертпен 12 адам ауруханаға түсіпті. Төртеуі әліге дейін өздеріне келе алмай, төсекке таңылған.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың барлығы да үйлерінде тұздалған баклажан немесе қозықұйрық, саңырауқұлақ жегендер.
Ботулизм - адам өміріне аса қауіпті жұқпалы ауру. Онымен ауырған адамның жүйке жүйесі зақымданады. Ботулизммен ауыру аяқасты басталады. Науқастың аузы құрғап, буындары әлсіреп кетеді және көру қабілеті төмендейді. Тағамды әзер шайнап, тынысы тарыла бастайды. Ботулизм әдетте тұздалып, консервіленген тағамдар арқылы жұғады.