Ақтөбе қаласындағы сот жергілікті тұрғынды полиция қызметкерлері мен Ресейдегі "дінсіздерге" шабуыл жасауға үндеген жергілікті тұрғынды бес жылға соттады. Бұл туралы ОРталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлап отыр.
Ақтөбе қаласындағы №2 сот 23 жастағы Нұрнияз Сарқұловты террорлық акт жасауға үндеп, араздық туғызды деп таныды.
Тергеу материалдары бойынша, Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны Сарқұлов биыл тамыз айында екі танысымен кездесіп, оларға "өзінің діни көзқарасын таңуға талпынған". Тергеушілер оны радикалдық ислам дінін ұстанады деп есептейді. Тергеу материалдары бойынша, Сарқұлов таныстарын "дінсіздерге" қарсы тұруға үгіттеген", бұған қоса ол "Сириядағы соғысқа Ресей жауапты" деп айтқан.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарқұлов жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.