$ 494.87  520.65  4.91

Қаланың Қоғамдық кеңесіне сайлану үшін 200-ге жуық кандидат құжат тапсырды

Үміткерлердің 40%-ы әйелдер.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Қоғамдық кеңеске кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 192 адам Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін сайлауға қатысады.

Айта кету керек, үміткерлердің 40%-ы әйелдер. Байқауға қатысушылар арасында ҮЕҰ өкілдерінің үлесі басым - 40%-дан астам. Үміткерлердің 20%-дан астамы жастар. Сонымен қатар, білім беру саласының өкілдері өтініш берушілердің жалпы санының 10%–ын, денсаулық сақтау – 5%–ын және мәдениет - 6%-ын құрады. Сондай-ақ, құжаттарды БАҚ өкілдері де тапсырды, олардың саны 5%-дан асты.

Үміткерлер келесі кезеңде 25-29 сәуір аралығында өтетін сұхбаттасу үшін топтарға бөлінеді. Әңгімелесу кезеңінде кандидаттардың өзін таныстыруы үшін сөз сөйлеулері қарастырылған, осымен бірге құзырет, тиімділік және мотивация бойынша сұрақтарға жауап беретін болады. Әр қатысушыға пікір-сайыс форматында өзі туралы, өз жетістіктері жайлы және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына сайлану үшін өз кандидатурасын ұсыну мақсаттары туралы айтуға мүмкіндік беріледі.

Әңгімелесуді өткізу кестесі мен кандидаттар тізімі Алматы қаласы Мәслихатының сайтында қолжетімді. Сайлау процесінің ашықтығын, транспаренттілігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық сұхбаттар тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс тобының барлық отырыстарына тәуелсіз байқаушылар қатысады.

Сайлауды өткізу қорытындысы бойынша, бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 39 мүшесі сайланады, оның 36-сы-қоғамдық және 3-і - мемлекеттік органдардың өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары