$ 494.87  520.65  4.91

Енді әйелін ұрғандарға аяушылық болмайды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің жартысынан көбі әйелдер.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды baq.kz.

"Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды. Отбасылық тұрмыстық салада денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу деректері бойынша санкцияларға қамауға алу баптарын енгізе отырып, айыппыл төлеу сынды тиімсіз жазалау алынып тасталды", - деді Әсет Оспанов. 

Оның айтуынша, соттың тараптарды татуластыру және құқықбұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар беру туралы шешімдер бойынша  міндеті кеңейтілді. 

"Оларды бұзғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Биылғы көрсеткіштер де өткен жылғы деңгейде қалып отыр. Тіркелген құқықбұзушылық саны жалпы қылмыстың 1-2 пайызын құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің жартысынан көбі әйелдер", - деді ол. 

Оспанов айтқандай, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлар әсер етеді. 

"Жұмыссыздық, ішімдік ішу және бұрыннан келе жатқан ішкі отбасылық мәселелер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып келуі мүмкін", - деді ол. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары