Кейінгі тәулікте Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Жалпы екі өңірде 9 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 440-қа жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 2,
Алматы қаласында - 7
Сонымен қатар, 19 адам коронавирустан айығып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында - 3,
Алматы қаласында - 9,
Алматы облысында - 1,
Атырау облысында - 1,
Жамбыл облысында – 3,
Қарағанды облысында - 2
Елімізде барлығы 1 290 964 адам COVID-19-дан айығып шықты.