22.04.2022, 12:40

Талғарда ірі қара малдың қаңқасы мен терісі тау болып үйіліп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Талғар ауданының әкімдігі бұл жайтты өз қадағалауына алды.

Алматы облысының Талғар ауданында ірі қара малдың қаңқасы мен терісі тау болып үйіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәулет ауылында орналасқан балық сүйегі ұнын өндіретін зауыт аумағында ірі қара малдың қаңқасы мен терісі бейберекет шашылып жатқан видеоны жергілікті белсенділер түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтіруде деп дабыл қаққан халық зауыттың жұмысын тексеруді талап етуде.

Талғар ауданының әкімдігі бұл жайтты өз қадағалауына алды. Сондай-ақ, экологтар да тиісті сараптама жасап, бір аптаның ішінде қорытындысын айтпақ. Ал зауытқа айыппұл салынады.

Тегтер: Талғар мал