22.04.2022, 15:40

Саран қаласының әкімі тиктокер болып жүр (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Қазір оның аккаунтына 50 мың адам жазылған.

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов тиктокер болып жүр деп хабарлады turkystan.kz.

Telegram-дағы ZTB | QAZAQSTAN арнасының хабарлауынша, әкім заман талабына сай қала халқының жағдайын білуі үшін TikTok желісіне тіркелген. Мұнда ол өзінің жұмысы, отбасы мен бос уақыты туралы қызықты да тартымды видеороликтер жүктеп отырады. Сонымен бірге, ол TikTok-та тікелей эфирге шығып, халықтың сұрақтарына жауап береді.

Қазір оның аккаунтына 50 мың адам жазылған.

Тегтер: әкім TikTok тикток