$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмысқа шықпаймыз»: «Хабар» арнасының журналистері жалақыны көтеруді талап етіп бас көтерді

Агенттікте еңбекақы соңғы рет 6 жыл бұрын көтерілген.

Телеарнаның бір топ журналисі басшылық алдында қазіргі жалақыларына көңілдері толмайтындарын айтып, бас көтерді деп, хабарлайды ulysmedia.kz.

Журналистердің айтуынша, Агенттікте еңбекақы соңғы рет 6 жыл бұрын көтерілген. Аймақтағы тілшілер қосынына 2019 жылы жалақы өседі деп уәде берілген. Бірақ ол орындалмаған. Биыл өзгеріс күтіп жүрген журналистер жалақы тек келесі жылы 30% өсетінін естіген. Бұл жаңалық оларға ұнамай отыр.

«Аймақтар дүйсенбіден жұмысқа шықпайды. Біз де оларға қосыламыз. Оларды қолдаймыз. Келесі жылы 30 пайыз деген күлкілі, бұл бізге ұнамайды. Міне, адамдар шықты»,- деді журналистердің бірі.

Олар елдегі қымбашылыққа шағымданды.

Еске сала кетейік, жуырда «Хабар» агенттігінің» Басқарма төрағасы болып Берік Уәли тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары