$ 446.49  475.38  4.79

Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.

Бүгін Мемлекет басшысы «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, эко-волонтерлер, сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері қатысты.

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды.

«Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек», – деді Президент.

– Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еріктілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары