Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер туралы мұрағат құжаттарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атап айтқанда, бұған дейін Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатының құпия құжаттары – Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты деректер немере інісі Бекет Момынқұлға табысталды. Соның ішінде бірнеше маңызды құжат бар. Олар:
Осы құжаттарды батырдың туысына Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин тапсырды.
"Құрметті достар, бүгінгі шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толып отыр. Біз одақтаспыз әрі доспыз. Бүгін қазақстандық достарымызға табысталған мұрағат құжаттары осы достықты әрі одақтас қарым-қатынасымызды растап отыр", - деді Бородавкин.
Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар батырдың туысына табысталды
Осы орайда дипломат 1941 жылы құрылған қазақстандық дивизиялардың Мәскеуді жанқиярлық ерлікпен қорғағанын еске алды. Олардың арқасында жауға тойтарыс берілді.
"Соңғы жылдары тарихты бұрмалау көбейіп кеткен. Панфиловшылардың ерлігіне де күдікпен қарайтындар бар. Бірақ бүгін табысталып отырған мұрағат құжаттары осы ақпаратты жоққа шығарып, қазақстандық жауынгерлердің қасық қаны қалғанша шайқасқанын растап отыр. Олардың ерлігі ұмытылмайды", - деп атап өтті Бородавкин.
Оның айтуынша, барлық құжаттың құпия белгісі болған. Ал оны ашық жариялау үшін үлкен жұмыс атқарылды. Бюрокартиялық кедергілер де болды. Алайда барлық мәселе шешіліп, мұрағат құжаттары уақытында жеткізілді.