Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты 23 сәуірде түнде Талдықорған қаласынан 15 шақырым жердегі Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында болған.
19 жастағы жүргізуші екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кеткен. Үш жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
"Сараптамалар тағайындалып, ЖКО дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.