$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ қызы жарыста жарақат алған қырғыз балуанын арқалап алды

Гүлмарал Еркебаева оны арқалап, қонақүйдегі бөлмесіне жетуге көмектескен.
Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева жарақат алып қалған танымал қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға қонақ үйге жетуге жәрдемдесті. Қазақ қызының бұл әрекетіне желі қолданушылары сүйсінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/1966578-zaraqat-alyp-qalgan-qyrgyz-baluanyn-arqasyna-salyp-algan-qazaq-qyzyna-zurt-suisindi-video/

Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева жарақат алып қалған танымал қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға қонақ үйге жетуге жәрдемдесті. Қазақ қызының бұл әрекетіне желі қолданушылары сүйсінген.

Моңғолияда күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатының финалында қырғызстандық балуан аяғынан жарақат алып қалып, марапаттау іс-шарасына қатыса алмаған.

Ал Гүлмарал Еркебаева оны арқалап, қонақүйдегі бөлмесіне жетуге көмектескен.

Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Видеоны көргені желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазуда. Олар спорт адамдардың достығын нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақты арттыра түсетінін сөз еткен.

"Қырғыз қазақтын сыңары ғой. Егіз қозыдай, керемет көрініс", Қазақ-қырғыз бір туған", "Спорт - достықтың белгісі", Спорт - достықтың символы. Екі елдің ынтымағы берік болсын", "Бірлігіміз үзілмесін", - деп жазуда пікір қалдырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары