$ 448.15  483.46  4.86

Ақтаулықтар жағалауда жаңбыр шақыру рәсімін өткізді

Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.
Фото: Рашид Исмагилов
Фото: Рашид Исмагилов

Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды.

Әнуар Елжановтың айтуынша, "Тасаттық" рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.

"Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен", - дейді ол.

Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.

Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары