$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен арзан үйлер алмақ болған шенеуніктер жауапқа тартылады

Аталған фактіні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қатаң бақылауға алды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Шымкентте 7-20-25 бағдарламасы бойынша санкцияланбанған конкурсқа қатысты істі бақылауына алатынын мәлімдеді. Қайырбек Өскенбаев кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады, деп уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасы бойынша, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселе құзыретті органдармен қаралатын болады", - деп хабарланды ведомстводан.

Енді бұл үйлер 7-20-25 бағдарламасы арқылы емес, "Отбасы банк" арқылы үй кезегінде тұрған жандарға беріледі. 

"Орын алған бұл оқиға зерделенді. Санкцияланбаған конкурс өткізу фактісі бойынша ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады.

Аталған бағдарламаның талаптарына сәйкес салынған несиелік тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтар мен салымшыларға кезең-кезеңімен "Отбасы банкі" арқылы беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін аталған банкпен қажетті келісім жасауы тиіс", - деп хабарланды министрліктің баспасөз қызметінен.

ҚР ИИДМ заңнама шеңберінде әкімдіктің шешімін қайта қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-қимылын қолданыстағы тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.

Айта кетерлігі, аталған фактіні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қатаң бақылауға алды. 

"Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына сәйкес құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары