$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда ер адам танысына өшігіп үйін өртеп жіберген

58 жастағы үй иесінің айтуынша, осының салдарынан келтірілген материалдық залалдың мөлшері 5 000 000 теңгені құраған.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында бұрынғы әріптесінің үйін өртеп жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданында тәртіп сақшыларына Заводская көшесіндегі үйге қасақана өрт қойылғандығы туралы хабар түсті. 58 жастағы үй иесінің айтуынша, осының салдарынан келтірілген материалдық залалдың мөлшері 5 000 000 теңгені құраған. 

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны дереу ұстады. 58 жастағы аудан тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол жәбірленушімен бірге кезінде бір компанияда жұмыс істеген. Сол кезде араларында кикілжің шыққан», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары