Әлеуметтік желіде тарап жатқан қарулы адамдар мен атыс-шабыс туралы видеоға қатысты ҚР ҰҚК түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоны желіде блогер Азамат Сәрсенбаев бөліскен.
Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдар мен атыс туралы видео 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, құзырлы органның мәліметінше, қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.