$ 498.34  519.72  4.85

Тәжікстанда салафизм ұстанымы бойынша намаз оқыған ер кісі үш жылға соттады

Астаналық Шохмансур аудандық соты 54 жастағы Душанбе тұрғыны Бахтиер Игамбердиевті үш жылға колонияға соттады. Ол Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 189 бабы (Ұлттық нәсілшілдік, жершілдік немесе діни араздық туғызу қылмысы) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы centralasian порталы хабарлап отыр.

Игамбердиевтің намазды қалай оқитынын, адамдармен қалай әңгімелесетінін мешіттің хатиб имамы байқап қалған. Іс материалдары бойынша, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің өкілдеріне сол имам арызданған. Ол мешітке келушінің Тәжікстанда ресми ағым ретінде танылған ханафилік мазхаб емес, салафилік дәстүрмен намаз оқитынын айтқан. Игамбердиев басқа да мұсылмандарға "намазды дұрыс оқымайсыңдар" деген мазмұнда ескертулер айтып, сол арқылы жамағат арасында діни араздық туғызған. Күдікті 2 қыркүйекте жұма намазы кезінде ұсталды.

Тергеу мәліметі бойынша, Игамбердиев салафизм ағымына 2015 жылы түскен және сол ағымды адамдар арасында насихаттап келген. "Игамбердиев кінәлі деп танылды және үш жылға сотталды", - деп хабарлады сотта "Азия-плюс" агенттігіне.

Салафизм діни ағымы Тәжікстанда 2009 жылы тыйым салынған, ал 2014 жылы бұл ағым республикада экстремистік деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары