$ 444.32  473.33  4.76

Жаңаөзенде мұнайшылардың ереуілдеп тұрғанына тоғыз күн болды

«Кезби» ЖШС жұмысшыларының 10 пайызы ғана жұмысқа шыққан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жаңаөзендегі «Кезби» ЖШС мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету кәсіпорнының қызметкерлері жалақы мөлшеріне көңілдері толмай, ереуілдеп тұрғанына тоғыз күн болды. Бұл жөнінде  «Ақтау-Лада» порталы хабарлады.

«Кезби» ЖШС жұмысшыларының айтуынша, жұмысшылардың 10 пайызы ғана жұмысқа шыққан. Қалғандары жұмыстарын тастап, талаптарын айтып тұр.

Мұнайшылар жалақыны 20 пайызға көтеруді және 12 сағаттық жұмыс күнін белгілеуді талап етуде. Шерушілер әзірге мәселелерінің шешілмегенін айтады.

Еске салайық, өткен аптада компанияның жалақыны көтереміз деген уәдесінің орындалмай қалғанынан кейін «Кезби» ЖШС жұмысшылары бейбіт митинг өткізген еді.

«Кезби» ЖШС жұмысшылары былтырдан бері наразылықтарын білдіріп келе жатыр. 2021 жылдың жазында жаппай ереуілдің нәтижесінде олар өз жалақыларының көтерілуіне қол жеткізген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары