27.04.2022, 15:40

Елордадағы триатлон паркінде балық қырылып жатыр

Қырылған балық та аз емес.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Есіл өзенінің бойындағы Триатлон паркте біраз балықтың қырылғанына арызданды. Sputnik Қазақстан-ға Тритлон паркте түсірілген видео келді.   Онда жасанды бассейнде тартылған торға біраз балықтың түскенін анық көрініп тұр. Қырылған балық та аз емес.   Алматы аудандық әкімдігі мәселесін мәнін түсіндірді. Қалалық парк соған қарайды.   "Уылдырық шашу кезеңінің басталуына байланысты өзенде балықтың саны айтарлықтай көбейді. Содан қалалық жағажайда тордан жасалған тосқауылға көп балық түсе бастады. Қазіргі кезде Триатлон паркте торды бұзып тастады. Артынан басқа тор қойылады. Ол арқылы балық еш кедергісіз өте алады", - дейді әкімдік мамандары.   Айта кетері, Триатлон паркіндегі жасанды жағажай былтыр ашылған болатын. Ол жерде бассейн де бар.
Тегтер: Балық елорда