ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады. Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының "пайдасына" түседі. Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", – деген пікір білдірді СІМ өкілі.
Бұған дейін тегі армян, Ресейдің танымал тележурналисті Тигран Кеосаян Қазақстанның бейтарап ұстанымына қатысты қыжылын білдірген болатын.