$ 444.22  476.38  4.82

БҰҰ Ресейді Дүниежүзілік туристік ұйымнан шығарды

Ресей UNWTO-дан шығатынын жариялады. Мәскеу тиісті талаптарды орындауы тиіс, оған бір жылдай уақыт кетеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

UNWTO 27 сәуірде ұйымның Мадридте басталған кезектен тыс Бас Ассамблеясының жалғасатынын жариялаған еді. Ресей БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымынан (UNWTO) шығатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымның Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ресей UNWTO-дан шығатынын жариялады. Мәскеу тиісті талаптарды орындауы тиіс, оған бір жылдай уақыт кетеді", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін EFE агенттігі осындай ақпарат таратқан болатын. UNWTO 27 сәуірде ұйымның Мадридте басталған кезектен тыс Бас Ассамблеясының жалғасатынын жариялаған еді.

Жиында Ресей Федерациясының туристік ұйымнан шығу мәселесі бойынша дауыс беру жоспарланған болатын. Бас ассамблеяны өткізу туралы шешімді 8 наурызда ұйымға мүше бірнеше елдің өтініші бойынша Атқарушы кеңес қабылдаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей #БҰҰ