$ 447.4  477.55  4.76

Енді бір азамат бірнеше банктен несие ала алмайды

Қазақстан азаматтарының несиесі туралы ақпарат енді бір күннің ішінде бірыңғай базаға енгізіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан азаматтарының несиесі туралы ақпарат енді бір күннің ішінде бірыңғай базаға енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын мақұлдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды", –  деді Еспаева.

Егер түзетулер мақұлданса, онда бірінші несиелік бюро азаматтың несиеге рұқсат алғанын жазады. Ал бюродан кейін адамның қарыз жүктемесі есептеледі. Қарыз алушының табысы жеткіліксіз деп танылған жағдайда, оған басқа несие беруден бас тартылады. Дания Еспаеваның айтуынша, бұл интернеттегі алаяқтықты да жоюға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кредит #несие