$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау маңынан 94 өлі итбалық табылды

Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқаларын жою шаралары ұйымдастырылуда.

2022 жылы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында барлығы 94 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінесілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, зерттеу жұмыстарын ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізді.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды. 

Айта кету керек, итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауынан өлімнің себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады.

«Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқаларын жою шаралары ұйымдастырылуда. Жағалау мониторингі жалғасуда, су мен топырақты талдаудан алынған сынамалардың нәтижесі белгілі болған соң қосымша ақпарат жарияланады»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында итбалықтың ең көп қырылу дерегі саны соңғы 5 жылда орын алған. 2017 жылы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының ауданында итбалықтардың 247 өлігі табылған, алайда қырылу себебін анықтау мүмкін болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары