$ 444.22  476.38  4.82

Бейжіңде коронавирустың күрт көбеюіне байланысты шектеулер күшейді

Одан бөлек, жергілікті билік қауіп тобындағы адамдарға ішінара тест жүргізеді.

ҚХР билігі коронавируспен күресу мақсатында Бейжіңде шектеу шараларын күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды Reuters. 

Карантиннің жаңа талаптарына сәйкес, Бейжіңге кіретін барлық адам енді 72 сағаттың ішінде тест тапсыруы керек. Одан бөлек, жергілікті билік қауіп тобындағы адамдарға ішінара тест жүргізеді. 

Сарапшылар Бейжіңде коронавирус дерегі күрт көбейсе жергілікті билік қала бойынша тест жүргізуі мүмкін екенін айтады. 

Сонымен қатар, жергілікті билік Чаоян ауданындағы оқушыларды қашықтан оқуға жіберген. Оффлайн режимде емтиханға дайындалып жатқан орта және жоғары сынып оқушылары ғана оқиды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары