$ 496  588.01  6.42

Тоқаев «Сіздің краш кім» деген сұраққа жауап берді

Қазақ тілінде блог жүргізетін қазақстандық әнші, домбырашы Алексей Лодочников Қазақстан Президентімен видео түсіріп, Мемлекет басшысынан «Сіздің краш кім» деп сұрады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok-та оның крашы кім екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ тілінде блог жүргізетін қазақстандық әнші, домбырашы Алексей Лодочников Қазақстан Президентімен видео түсіріп, Мемлекет басшысынан «Сіздің краш кім» деп сұрады. 

Тоқаев оның «крашым, әрине – жастар» деп жауап берді. 

«Сіздерге үлкен үміт артамын», - деді Президент видеода.

Видео Ақордада түсірілген секілді. Бұған дейін блогер онда Қазақстан халқы Ассамблеясында спикер ретінде сөз сөйлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0