ҚР бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Прокурорлар мекемедегі камера жазбасын шолып, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтаған.
Тағы оқыңыз: Ақтөбеде орталық қызметкерлері мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталып жатыр
«Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша қатаң шара қолданылады. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды», - деді Берік Асылов.
Бас прокурор тек Ақтөбедегі емес, Қазақстан бойынша осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырды.
Ұқсас жаңалық: «Кезектерін ақша беріп жылжытып жатыр»: Шымкентте ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар шу шығарды
Еске сала кетейік, Ақтөбедегі орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Мекемеде ақыл-ой кемтарлығы бар, церебральды сал ауруына, Даун синдромына және олигофрения ауруына шалдыққан балалар тәрбиеленеді.