30.04.2022, 23:31

Ақтөбедегі ерекше балаларды аяусыз ұрып-соққандарға қатысты тергеу басталды

Фото: ашық дереккөз
Прокурорлар мекемедегі камера жазбасын шолып, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтаған.

ҚР бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Skifnews.kz.

Прокурорлар мекемедегі камера жазбасын шолып, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтаған.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде орталық қызметкерлері мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталып жатыр

«Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша қатаң шара қолданылады. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды», - деді Берік Асылов.

Бас прокурор тек Ақтөбедегі емес, Қазақстан бойынша осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырды.

Ұқсас жаңалық: «Кезектерін ақша беріп жылжытып жатыр»: Шымкентте ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар шу шығарды

Еске сала кетейік, Ақтөбедегі орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Мекемеде ақыл-ой кемтарлығы бар, церебральды сал ауруына, Даун синдромына және олигофрения ауруына шалдыққан балалар тәрбиеленеді.