Ресей-Украина арасындағы қақтығыс кезінде Челябі облысының Қарталы қаласындағы майданда қазақ жауынгері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"1 мамырда Челябі облысының Қарталы қаласында Украинадағы соғыс кезінде 21 жастағы танкер Марат Жүнісов мерт болды" деп жазды @chelyabinsk_podsmotreno әлеуметтік желі парақшасы.
Марат Жүнісовтің әлеуметтік желідегі таныстарының айтуынша, ол 29 сәуірде қайтыс болған. Жігіт келісімшарт бойынша әскери борышын өтеген. Әскери қызметтен бөлек хоббиі музыка мен спорт болды.